ҚАЛА ӘКІМІ ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА КҮЗДІҢ АЛҒАШҚЫ СЕНБІЛІГІН БАҚЫЛАДЫ
Бүгін Арыс қаласы мен қалаға қарасты барлық ауылда «Дүниежүзілік тазалық күні» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті.
Күздің алғашқы санитарлық-экологиялық сенбілігін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова бақылап, игі шараға атсалысқан азаматтардың жұмысымен танысты.
Тазалық шарасына қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов бастаған бір топ депутаттар, әкім орынбасарлары, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, кәсіпорын, мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары және еріктілер қатысты.
«Бұл акция өз кезегінде қоршаған ортаны таза ұстауға, жастарды, жас ұрпақты тазалыққа, жауапкершілікке, табиғатты қорғауға деген жанашырлыққа үндейді. Атсалысқан азаматтарға ризашылғымды білдіремін. Жауапты сала басшылары кәсіпкерлік нысан меншіктеріне қас беттерін сырлау, тазалығын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет,» – деді шаһар басшысы.
Сенбілікте әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізсе, мемлекеттік қызметшілер мен дербес бөлімдер Арыс-Шардара тас жолы бойында өскен шөп-шалаңдарды тазартты.
Аталған шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Бірлесе ұйымдастырылған сенбілік қала тынысының кеңеюіне үлесін қосатыны сөзсіз.
Сүйікті қаламыздың тазаруына атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз! Қала мен ауылдарда алдағы уақытта да санитарлық тазалық жұмыстары жалғасын табатын болады.