«ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ» ҚҰРЫЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ!

251
Арыста «Әжелер алқасының» 10 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Салтанатты шара қаламыздағы Ардагерлер орталығы алдындағы саябақта ұлттық құндылығымызды жаңғыртатын көрмеден басталып, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер көрсетілді.
Көрмені тамашалауға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов, Арыс қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл және қала ардагерлері қатысты.
Көрмеге қалалық «Ардагерлер кеңесі» жанындағы «Әжелер алқасы» құрамындағы ақжаулықты асыл жандар өз қолдарымен жасаған қазақтың түрлі қол-өнер бұйымдары көрсетті. Ал, «Ғасыр әжелер» тобы киіз үй тігіп, қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды. Ақдала ауылынан келген «Айпара ана» тобы көшпенділердің ұлы мұрасы – текемет, киіз басу, алаша сынды ісмерліктерін көрсетіп, қошеметке бөленді. Тағылымы мол шарадан қаламыздағы этно-мәдени өкілдері де шет қалмады. Олар өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынып, қонақтарға ұсынды. Ал, «Рәтәй қажы» тобы көшпенді қазақ халқының жаз жайлаууға көшуінен көрініс жасап, көрмеге келушілерді таң-тамаша етті. Себебі, керуен көшін түйеден бөлек, төрт дөңгелекті арбаға жегіліп, әбзелмен әрленген ат бастап келді. Салт-дәстүрлер ұлықталып, тағылымды әңгімелер айтылған шараға қатысушылар ұйымдастырушылар мен ақжаулық әжелерге алғыстарын білдірді.
Бұдан кейін, Ардагерлер үйінің мәжіліс залында «Әжелер алқасының» 10 жыл толуына орай «Әже – ұлт ұйытқысы» тақырыбында келелі кездесу өтті.
Басқосуда, қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.
Жиын барысында қаламыздың ардагер ұстазы Злиха Досымбекова «Әже – ұлттық ұйытқысы» тақырыбында тағылымы мол баяндама оқып, қошеметке бөленді.
Бұдан кейін, шара Мәдениет үйіндегі үлкен концерттік бағдарламаға жалғасты.
Возможно, это изображение 13 человек и текст
Advertisements