АРЫСТА ОҚ ДӘРІЛЕРДІ ЗАҢСЫЗ ЖИНАУҒА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

80

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Арыс гарнизоны бойынша Әскери полиция құрама ротасы аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, қаламыздағы металл қабылдау пункттеріне рейдтік шара өткізді. Мұндағы басты мақсат – оқ дәрілер сынықтарын заңсыз жинау және оларды қабылдау пункттеріне өткізуді болдырмау.

Профилактикалық шара барысында түрлі-түсті метал қабылдау бекеттерінің бірінде инжинерлік оқ-дәрілерден қалған жарылғыш заттардың бөлшектері анықталған.

Осыған байланысты, табылған жарылғыш заттардың бөлшектері №44859 Әскери бөлімінің инжинерлік-саперлік мамандарымен тәркіленіп алынды. Аталған дерек бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілетін болады.

Құрметті қала тұрғындары!

Қауіпті оқ-дәрі немесе сондай қауіпті ұқсас заттар мен бөлшектер көрген жағдайда бірден полицияға хабарлама берулеріңізді сұраймыз!

Advertisements