БІР АПТАДА 43 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛГЕН

75

Қаламызда құқық бұзушылық пен қылмыстың алды алу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірге түрлі іс шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Арыс аудандық полиция бөлімі маусым айының 5-11 күндері аралығында жүргізілген рейдтік шаралар барысында 43 бұзушылық тіркелді. Бұл небәрі бір апта ішінде орын алған бұзушылықтар.

Құқық бұзушылар арасында кәмелетке толмаған жасөспірімдер де бар. Олар жүргізуші куәлігінсіз әрі ата-анасының рұқсатсынсыз жеңіл автокөлікті тізгіндеп, достарымен көшеде «қыдырған». Ал кей жасөспірімдер саябақтар мен скверлерде жарықшамдар мен орындықтарды қасақана сындырған. Ал түнгі уақытта әке-шешесінің қарауынсыз көшеде жүрген 11 бала тіркелген.

Өкінішке қарай, ес тоқтатқан кейбір азаматтарымыз да заңды сақтамай келеді. Мәселен, кейбір азаматтар үйдегі төрт-түлік малын көшеге қараусыз жібере салады. Салдарынан саябақтар мен гүлзардағы жасыл өскіндер тұяқты жануардың табанында тапталып, қаланың абаттандыру жұмыстарына орасан шығын келген. Сондай-ақ, қала жолдарында 2 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені анықталған.

Арыс қаласында бір апта ішінде тіркелген құқықбұзушылықтар:

Үй жануарларын жаю қағидаларын бұзғандар – 3.

Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау – 11.

Тыныштықты бұзу – 3.

Қоғамдық орында масаң күйде болу немесе алкогольді ішімдік ішу –

10.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болу – 11.

Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру – 4.

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі қағидаларын бұзу – 1.

Құрметті қала тұрғындары!

Рейдтік шаралар күнделікті жалғаса беретін болады. Қала әкімдігі мен аудандық полиция қызметкерлері – азаматтарды, ұйымдардың иелерін, жеке кәсіпкерлерді саналы болуға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға, жақын маңдағы аумақтардың, аулалардың, көшелердің тазалығын сақтауға және жауапкершілікті есте сақтауға шақырады!

 

Advertisements