АРЫС: АҚДАЛАДА 240 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛАДЫ

112

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова жұмыс сапарымен Ақдала ауылына барды. Сапар аясында жаңадан бой көтеріп жатқан мәдениет үйі мен кітапхана комплексінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Екі қабаттан тұратын, 240 орынға лайықталған Мәдениет үйінің құрылысы өткен жылы басталып, биыл ел игілігіне берімек. Жаңадан бой көтерген мәдени ошақ жергілікті тұрғындардың ұлттық өнермен сусындауына, талантты жастардың талабын шыңдауға мүмкіндік бермек.

Мұнда үйірме бөлмелері, компьютер залы, бишілер сыныбы мен демалыс бөлмелері, кітапхана залымен жабдықталған. Ал мүгедектігі бар жандар үшін жеделсаты да қойылған.. Бұдан бөлек, мәдениет үйінің ауласы абаттандырылып, асфальт төселінген. Жайлы орындықтар мен ағаштар отырғызылған.

«Халқымыздың қайталанбас озық мәдениетін заманауи үлгіде қайта түлету үшін біз мәдениетімізді, мәдениет ошақтарын дамыту жұмыстарын қолға алдық. Болашақта әлемді аузына қаратар нағыз хас таланттар осындай орталардан шығарына сенімім мол», деген шаһар басшысы Гүлжан Мамытқызы жауаптыларға нысанды сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Advertisements