САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҰМЫТПАЙЫҚ

79

Жазғы шомылу маусымы кезінде суға кету жағдайларының алдын алу мақсатында Арыс қаласы әкімдігі мен төтенше жағдайлар бөлімі мамандары бірлесіп, Арыс өзені мен Сырдария бойында орналасқан су айдындарында үгіт насихат түсіндірме жұмыстары жүргізді. Мақсаты шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, балаларды бақылаусыз қалдырмау басты назарда болуын, балалардың бақылаусыз қалуы салдарынан жазатайым оқиғалар орын алып жатқаны жөнінде мәліметтер келтіріліп, іс шара барысында қауіпсіздік шараларының нұсқаулығы түсіндірілді.

Құрметті қала тұрғындары!

Суға шомылу кезінде абай болыңыздар, қарапайым ережелерді сақтап, өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне қауіп-қатер төндірмеңіздер.

Advertisements