ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ АРЫС ҚАЛАСЫНДА

126

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысындағы бас имамы Ержан Төлепов жұмыс сапарымен Арыс қаласына келді.

Қала әкімінің орынбасары Алмаз Советұлы, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жомарт Тұрсымбеков, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл, Арыс қаласының бас имамы Қажымұқан Қазыбаев және қала ардагерлерінің қатысуымен қалалық «Ардагерлер үйінде» келелі жиын өтті.

Басқосуда өңірдің бас имамы Ержан Сматұлы бүгінгі таңда Түркістан облысындағы діни ахуал жайлы және атқарылып жатқан жұмастарды кеңінен баяндап өтті.

Жиында дін өкілдерінің қоғам алдындағы міндеттері, жамағатты жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарып, елді бірлікке, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, тазалыққа шақыруда және қоғамдық істерде белсенділік танытуы кеңінен айтылды.

Одан кейін, қала әкімінің орынбасары Алмаз Советұлы 2021 жылы шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен ашылған «Ардагерлер ораталығын» жұмысымен таныстырды.

Бас имам одан кейін, Орталық мешітте қала имамдарымен кездесті. Онда облыстық деңгейде атқарылатын шаралар аясында қаламызда біліктілікті арттыру бағытында жұмыстарды жандандыру туралы ортақ ұсыныстар білдірді. Бас имам қаламызда атқарылып жатқан рухани және қайырымдылық шараларға жоғары бағасын берді.

Advertisements