ТӨРТ-ТҮЛІГІН ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРЫП, АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ

88

Бүгін қалалық Ардагерлер орталығы аумағында ірі қара малдың бей-берекет жайылып жүргені анықталды. Қараусыз мал қаланың көгалдандыру жұмыстарына залалын тигізетіні даусыз.

Қалалық әкімдік мамандары жергілікті полиция бөлімімен бірлесіп қараусыз мал иесін сырғасы арқылы анықтады. Қаламызда егілген гүлзарлар мен жасыл желекті бүлдірген мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Бұл бағытта жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады. Қолданыстағы заңды қайталама бұзған азаматтар еселенген айыппұл арқалайтынын ескертеміз!

Құрметті азаматтар, қала тазалығына немқұрайлы қарамайық!

Тұрғындардан төрт-түлік малды тәулік бойы көзден таса қылмауды сұраймыз!

Advertisements