ҚАРАУСЫЗ ҚАЛСА МАЛЫҢЫЗ, АЙЫППҰЛ ТӨЛЕП АЛЫҢЫЗ

81
Құрметті қала тұрғындары, өздеріңіз білесіздер қараусыз малдың көшеге шығып кететін жағдайы көп кездеседі. Мал иелеріне тиісті бөлім мамандары арқылы ескерту хабарламалары айтылады. Сонда да қайталанатын жағдайлар бар.
Күні кеше “Батырлар алаңында” алаңсыз жайылып жүрген екі ірі қара мал анықталды. Тиісті сала басшылары дереу қимылдап, саябақтың жасыл желегін бүлдірген үй жануарлары арнайы орынға қамалды.
Сорақасы сол, үй жануарларының сырғасы да, таңбасы да басылмаған. Яғни, заңға сәйкес “иесіз” малдар.
Құрметті тұрғындар!
Қала тазалығына немқұрайлы қарамайық! Жауапкершілік барын естен шығармайық! Арыс қаласы — бәріміздің ортақ мекеніміз!
Advertisements