ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ ТОЛАСТАМАЙДЫ.

129

АРЫСТА 300 ҚАРИЯҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Бүгін қалалық Мәдениет үйінде Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты жиынға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл, ардагерлер орталығының мүшелері мен ауылдық округтерден келген қариялар қауымы қатысты.

Қала әкімі ардақты ардагерлерді айтулы күнмен арнайы құттықтап, жалпықалалық мәдени шараларға белсенді қатысып, саламатты өмір салтын ұстанған және қаламыздың дамуына зор үлес қосқан ата-әжелерді Алғыс хатпен марапаттады.

Сондай-ақ мәслихат төрағасы мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы құттықтау сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін арнады.

Бұдан кейін, қазыналы қарттардың төл мерекесіне орай, 300 ата-әжелерге азық-түлік себеттері үлестірілді.

Ал көрермендер құрметіне қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік ән-күйден тарту жасаса, өнерпаздар сахналық қойылым қойып, көпшіліктің көңілінен шықты.

Advertisements