ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

76
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес, базарларды қолданыстағы заң талаптарына сәйкес ретке келтіру бойынша арнайы жұмысшы топ құрылған болатын.
Жұмысшы топ мүшелері қоғам белсенділерімен және БАҚ өкілдерімен бірге мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында тұрғындар тарапынан автотұрақ мәселесінің шешімін табу керектігі жөнінде ұсыныс айтылды.
Осыған сәйкес, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары бөлімі тарапынан Орталық базар аумағына автокөлік қоюға арналған жолақтар сызылды. Оның ішінде 5 орын мүгедектігі бар азаматтарға арналған.
Алайда, тұрғындар әлі де тәртіп пен заңға бағынбайтын жүргізушілер бар екендігін айтып шағымданды. Осыған сәйкес, аудандық полиция бөлімі рейдтік шара өткізіп, көлік құралдарының аялдауы немесе тоқтап тұруы қағидаларын бұзған 7 азаматқа әкімшілік шара көрілді.
Тәртіп сақшылары тарапынан қала көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Advertisements