ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

81
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова елді мекен тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасын ауыл жұртына кеңінен түсіндіру мақсатында жұмысшы топ құрған болатын.
Осыған сәйкес, қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық, «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ-ның Қаржы және «Ауыл аманаты» бағдарламасының мониторингі жөніндегі басқарушы директоры Нұрлыбек Ақылбекұлы, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің басқарма төрағасының орынбасары Берік Асқанбайұлы бастаған жұмысшы топ өкілдері Жиделі мен Байырқұм ауылдарында болып, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алуға ниетті әр азаматқа құжаттарды рәсімдеуде нақты көмектер мен кеңестер берді.
Бұл бағытта жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Advertisements