ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЖЕРЛЕСТЕР!

47

Бүгін “Арыс” футбол клубы Орталық стадионда “Астана” (жастар) футбол клубын ойсырата ұтты.

Ойын басталғаннан басымдыққа ие болған арыстықтар қарсылас командаға ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Төреші ысқырығы шалынғаннан шабуылға лап қойған арыстықтар үш жауапсыз гол соғып, елордадан келген қонақтарды ұпайсыз қалдырды.

Осылайша, Арыс спортшылары ҚР Футболдан Бірінші лига командалары арасында екінші орынға көтерілді.

Бұл жерлестеріміздің осымен қатарынан 6-шы жеңісі.

Алда әлі ұзақ белес бар. Командамызға тек қана сәттілік тілейміз!

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Advertisements