ДЕРМЕНЕ АУЫЛЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

53

Арыс қаласына қарасты Дермене ауылдық округінің әкімі болып Алдияр Құрманқожаев сайланды.

Қала басшысы Гүлжан Құрманбекова Дермене ауылында болып, жаңа әкімді ауыл тұрғындарына таныстырып, алда атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті.

«Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру, ауыл өмірін жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстарды лайықты деңгейде атқару. Ауыл халқы өзіңізге сенім артып, сайлауда дауыс берді. Сондықтан округ тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыс жасап, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларын дамытуды, мемлекеттік бағдарламаларда белгіленген міндеттерді жүйелі атқарып, тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауды тапсырамын. Жұмысыңызға табыс, қызметіңізге сәттілік тілеймін, – деді қала басшысы Гүлжан Мамытқызы.

Мұнан соң сөз алған Арыс қаласының Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы орынбасары Нұрмағанбет Әділбеков сайлау қорытындысын таныстырып, жаңа әкімге қызметтік куәлігін табыстады.

Ауыл ақсақалдары әкімге бата беріп, ауыл тұрғындары сәттілік тіледі.

Advertisements