АРЫС ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

59

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекованың Арыс қаласы және ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі:

Ақдала елді мекенінде 2023 жылғы 6 маусымда сағат 10.00-де С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі ғимаратында, азаматтарды жеке қабылдауы сағат 11.00-де аталған ғимаратта өтеді.

Дермене елді мекенінде 2023 жылғы 6 маусымда сағат 15.00-де Ж.Ташенов атындағы жалпы орта мектебі ғимаратында, азаматтарды жеке қабылдауы сағат 16.00-де аталған ғимаратта өтеді.

Монтайтас ауылдық округі Атамекен елді мекенінде 2023 жылғы 7 маусымда сағат 10.00-де «Монтайтас» жалпы орта мектебі ғимаратында, азаматтарды жеке қабылдауы сағат 11.00-де аталған ғимаратта өтеді.

Қожатоғай елді мекенінде 2023 жылғы 7 маусымда сағат 16.00-де Қожатоғай ауылдық клубы ғимаратында, азаматтарды жеке қабылдауы сағат 17.00-де Қожатоғай ауыл әкімшілігі ғимаратында өтеді.

Байырқұм елді мекенінде 2023 жылғы 8 маусымда сағат 10.00-де Байырқұм ауылдық клубы ғимаратында, азаматтарды жеке қабылдауы сағат 11.00-де Байырқұм ауыл әкімшілігі ғимаратында өтеді.

Жиделі елді мекенінде 2023 жылғы 8 маусымда сағат 15.00-де «Жиделі» ауылдық клубы ғимаратында, азаматтарды жеке қабылдауы аталған ғимаратта сағат 16.00-де өтеді.

Арыс қаласының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 9 маусымда сағат 11.00-де қалалық мәдениет үйінде, азаматтарды жеке қабылдауы сағат 12.00-де қала әкімдігінің ғимаратында өтетінін хабарлаймыз!

Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72540) 5-92-14 байланыс телефоны және a.auezova@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы өтініш-пікір берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жай, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) көрсету арқылы жазылуға болады.

 

Advertisements