МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

51

Бүгін Арыс қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні салтанатты түрде аталып өтті.

Бұл мереке үнемі сахнадан көрініп жүрген талантты өнерпаздар ғана емес, сахна сыртында қызмет атқаратын мамандармен қатар, кітапханашылардың, саябақ және т.б. мекемелердің мамандарының еңбегі еленіп, алғыс айтылатын күні.

Айтулы мерекеде сөз сөйлеген қала әкімі Гүлжан Құрманбекова өнер азаматтары мен сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, игі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, бір топ мәдениет қызметкерлерін және мәдениет жанашырларын алғыс хатпен марапаттады.

Одан әрі қарай, Арыс қалалық мәслихаты атынан мәслихаттың аппарат басшысы Мейірхан Сыдықов пен “AMANAT” партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков бірқатар қызметкерлерді марапаттап, мерейлерін тасытты.

Мерекелік шара әрі қарай қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының концертіне ұласты. Өнерпаздар әйгілі жазушы, драматург Т.Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа бір той» спектакльінен үзінді көрсетіп, көрерменнің қошеметіне бөленді. Ал, 44859 әскери бөлімінің, инженерлік сапёрлі батальоны сержанты Темірғали Әнуарбекұлы талантты композитор Е.Серікбаевтың «Өнерпаздар» әнін тарту етіп, мәдениет қызметкерлерінің мерейін үстем етті.

Орындалған әсем әндер, би билеген биші қыздар мерекенің мерейін ашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Advertisements