ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

72

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Арыс қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Әсіл, Арыс қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Н.Ахмет халықты жұмыспен қамту орталығына, «Қолғабыс» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Мұсабеков, Арыс қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Е.Исаев Арыс аудандық орталық ауруханасына қоғамдық бақылау жүргізді.

Қоғамдық бақылау барысында мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, кезексіз қызмет көрсету үшін арнайы қызметкерлер бекітілгені анықталды.

Сондай-ақ, мекемеге келген қызмет алушыларға «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған және көмек қажет болған жағдайда арнайы кеңесші мамандар қарастырылған.

Проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша ұсынымдар берілді.

Мұндай ел игілігі жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Advertisements