ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР ҚОСЫЛАДЫ

70

Түркістан облысына 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға Түркістан облысына республикалық бюджеттен 11,0 млрд. теңге несие қаражаты бөлінген болатын. Енді өңірге қосымша 8,7 млрд. теңге қаражат қарастырылып отыр.

Енді соған сәйкес 16 ауданнан анықталған 32 ауылдық округке қосымша әр аумақтан 2 ауылдық округтен қосу жоспарлануда. Бұл мақсат биыл шілде айынан бастап жүзеге асып, өңір бойынша жалпы 64 ауылдық округ қамтылады. Осы мәселені талқылау мақсатында салаға жауапты басшылар мен аудан әкімдерінің орынбасарлары жиын өткізді. Мәжілісті Түркістан ӘКК АҚ-ның қаржы және «Ауыл аманаты» бағдарлмасының мониторингі жөніндегі басқарушы директоры Нұрлыбек Исаев және «Ырыс» МҚҰ басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев жүргізіп отырды.

Несиелерді қаржыландыру бойынша 6 бағыт іріктелді. Олар:

➢ Өсімдік шаруашылығын дамыту;

➢ Мал шаруашылығын дамыту;

➢ Құс шаруашылығын дамыту;

➢ Балық шаруашылығын дамыту;

➢ Ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау;

➢ Тұрғындардың өз кәсібін ашу.

Жобаны тиімді жүргізу үшін өңірде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдық беріледі. Үміткерлер қатысатын ауылдық округтерде 44 кооператив бекітіліп, әлеуетті несие алушылардың тізімі жасақталды.

Advertisements