ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

62

 

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Кезекті жеке қабылдауға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қабылдауға келген азаматтар тарапынан тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру, үй кезегіне тұру, әлеуметтік көмек, мүгедектікке құжат рәсімдеу, тұрақты жұмыспен қамту сынды мәселелер қозғалды.

Қала басшысы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлердің төрайымдары үй ауласын абаттандыру, қасбеттерін, су, кәріз құбырларын жөндеу және қоқыс жәшіктеріне қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Өз кезегінде, қала әкімі төрайымдардың белсенді азаматтық ұстанымдарына алғыс білдіріп, көпқабатты тұрғын үйлерге қатысты арнайы жұмысшы топ құрылғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, әр көпқабатты тұрғын үйдің төрайымдары жұмысшы топпен бірлесіп жұмыс жасау керектігін айтты.

Шаһар басшысы әр тұрғынның мәселе бақылауында болатындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.

Нет описания фото.

Advertisements