ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

97
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «Мұрагер» әскери күштері ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Арыс аумақтық филиал төрағасы Н.Атабеков пен Арыс қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Н.Ахмет Арыс қаласының кірістер басқармасына, Арыс қаласының білім бөліміне, қоғамдық бақылаулар жүргізді.
Қоғамдық бақылау барысында мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, кезексіз қызмет көрсету үшін арнайы қызметкерлер бекітілгені анықталды.
Сондай-ақ, мекемеге келген қызмет алушыларға «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған және көмек қажет болған жағдайда арнайы кеңесші мамандар қарастырылған.
Проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша ұсынымдар берілді.
Мұндай ел игілігі жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Нет описания фото.
Advertisements