ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ! АРДАҚТЫ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ!

40

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаздар күні – әрқайсымызға жақын, жарқын мереке. Өйткені, мұғалім болу – жай мамандық емес, қажырлы еңбекті талап ететін ауыр да жауапты міндет. Өйткені ұстаз жолы – қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықтың төресі десек болады.

«Алты алаштың басы қосылғанда ең мәртебелі орын ұстаздарға тиесілі» деп ұлт зиялысы Мағжан Жұмабаев атап өткендей, ұстаздың қадірін, мұғалім мәртебесін көтеру мәселесі әрдайым біздің назарымызда бола береді.

Қадірлі ұстаздар!

Сіздер қандай да жағдай болмасын кәсіби міндеттеріңізді абыроймен атқарып, барлық күш-жігер мен шеберліктеріңізді ел болашағына жұмсап келесіздер. Осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін!

Тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында алда талай Елін сүйетін, білімді жастар өсетініне кәміл сенемін.

Құрметті педагогтар!

Осы бір тамаша, атаулы күні ерен еңбектеріңізге зор алғысымды білдіремін. Әсіресе, бар саналы өмірлерін шәкірт тәрбиелеумен өткізген ардагер ұстаздарға ризашылығымыз шексіз.

Әрқашан денсаулықтарыңыз мықты, өмір жастарыңыз ұзақ болып, отбасыларыңыз береке-бірлікпен көркейсін.

Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа биіктерден көріне беріңіздер!

ІЗГІ НИЕТПЕН,

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА

Нет описания фото.

Advertisements