ЖЕМҚОРЛЫҚ АҚ ЖОЛДАН АДАСТЫРАДЫ
Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы, Арыс қаласының әкімі
Жемқорлық – адамзатпен ықылым заманнан бері «біте қайнасып», дамудың даңғыл жолымен бірге «өніп-өсіп, тамырын жайып» келе жатқан дерт. Ол дәуірмен иіле сабақтасып, бірде жылан сияқты терісін сылып тастап өңін өзгертсе, енді бірде түлкі сияқты түгін ауыстырып, реңкін жасырады. Құдды көлеңке іспетті. Небір те-геурінді шабуылдарға төтеп беруге қабілетті. Қайта жыл өткен сайын мың құбылып, адамды азғырған сайтан сияқты торына жаңылған пенделерді топтап шырмауда. Иә, қайда арам ақша, кір дүние болса, сол жерде осы қауіпті індет ұясын салуда.
Әрине, қолдан келер дәрмен жоқ жеп қарап отыруға болмайды. Бұл бағытта мемлекетімізде қыруар тірліктер атқары-луда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауларында, тарихи құжат, тұжырымдама мен бағдарламаларында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақ-тылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлықты атап өтуде. Және сонымен бірге, оған қарсы пәрменді күрес ретінде жалпыұлттық кешенді бағдарламаларды, дәйекті іс-шараларды мейлінше қатаң жүзеге асыруды алға тартуда һәм онымен бітіспен күрес жүргізу барша халықтың борышы және парызы екенін қадап ай-туда.
«Ауызды құр шөппен сүртуге» бол-майды. Бұл бағытта атқарылған шаруа шашетектен. Дегенмен, жүзеге асыры-луы тиіс жұмыс әлі де көп. Осы ретте, мынаны ескерген абзал: Қазақстан Рес-публикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап осынау аса ауыр қылмыстарға қа-тысты қатаң мемлекеттік саясат қалып-тасты. Еліміз ТМД елдері арасында бі-рінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жем-қорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заң қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Транс-ұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқа да жалпы жұрт таныған халықаралық актілерді ра-тификациялап, бүкіләлемдік қоғамдас-тықтың тең мүшесіне айналды. Нәтижесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләл-емдік кеңістіктегі Қазақстанның көрсет-кіші жыл санап жоғарылай түсуде.
Әлбетте, мұнымен тәнге түскен жара жазылды, немесе қоғам кеселден құлан-таза айықты деп айта алмаймыз. Десек те, іс-әрекет бар. Ол асқан дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Шаралар мен күн тәр-тібіндегі мәселелерді шешуде заңдылық-ты жетілдіру жұмыстары тұрақты жүргі-зіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылдан-ған кешенді шаралар нәтижесінде сыбай-лас жемқорлық көрністерінің азаюы бай-қалады.
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық. Енді аз-кем асыл дінімізге үңілейік. Пай-ғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Пара бе-рушінің де, пара алушының да орны тозақ», – деген. Иә, «Құдайдан қорықпа-ғаннан қорық». Ондай адам Аллаһтың тыйғанынан тыйылмайды, істе дегенін істемейді. Дүниенің обал-сауабын айыр-май аузын арандай ашып, қу құлқынына құя береді. Ақиқаты, пара – Аллаһтың ақ жолынан адастырады, азғындық жолға түсіреді.
Парақорлық – тойымсыз құлқынның құлына айналып, барынша байи түсудің харам тәсілі. Ол үйірсектеген орта – лас. Азғындаған пақырлар адал қызмет ету-ден айныйды, бармақ басты, көз қысты-мен қазынаны тонап, халықты қанайды, имандылықтан айырылады. Әділдіктен ада қалады. Бұл қоғам үшін өте-мөте қа-уіпті. Сондықтан, әрбір адам әділдікті ту етіп ұстауы тиіс. Ал, әділдік адамдар ара-сында қандай да жіктің шығуына жол бермей, теңдік орнатады.
Жалпы, сыбайлас жемқорлық елдің ұлттық мүддесіне, экономикалық қауіп-сіздігіне нақты қатер төндіріп қана қой-май, сонымен қатар, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың мүдделеріне қауіп төн-діреді. Жоғарыда тілге тиек еткеніміздей, дәл осы себептен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақ-тастықтың маңызы БҰҰ құжаттарында және бірқатар басқа да халықаралық ұй-ымдардың құжаттарында ерекше атап көрсетіледі.
Қазақстанда халықаралық стандарт-тарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қар-сы күрес бойынша шаралар жүйесі іске асырылып келеді, ол еліміздің көптеген бағдарламалық құжаттарында негізге алынатын басымдықтар ретінде айқын-далған. Жаңа бағдарламалар қолға ал-ынды. Онда мемлекеттік шешімдер қа-былдау кезінде ашықтық пен айқындық-ты қамтамасыз ету және сәйкесінше, ол-ардың қоғамдық институттардың бақы-лауында болуын қамтамасыз ету көздел-ген. Бұл жұмыстағы жүйелілік 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқор-лыққа қарсы стратегияны қамтамасыз етуге бағдарланған, сондай-ақ, ол – мем-лекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын айқын-дайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Және де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде халықаралық ын-тымақтастықты дамыту мәселелері құ-жатта маңызды орын алады. Бұл бүкіл халықаралық қоғамдастық шарттарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау қажеттілігінен туындаған өте дұ-рыс қадам.
Қазақстанның сыбайлас жемқорлық-қа қарсы саясатының нысанасы екі не-гізгі мақсатқа бағытталған: бірінші – кіш-кентай кезінен бастап, ұлттық дәстүрлер-ді ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, екінші – мемлекеттік органдар қызметіне қоғам-дық бақылауды дамыту.
Мемлекеттік қызмет институты да ай-тарлықтай реформаға ұшырады. «Мем-лекеттік қызмет туралы» жаңа заңмен меритократия, кәсібилік, есеп берушілік және бақылауда болушылық, қоғамдық пікірді ескеру және ашықтық секілді не-гізгі принциптерге негізделген мансап-тық модельге көшу жүзеге асырылды. Бұл үрдіс әр жылы нақтылана түсуде. Мемлекеттік қызметке іріктеу кезінде және одан әрі жоғарылату кезінде білімі, еңбек өтілі, мәдениеті, сонымен бірге, қызметшілердің атқаратын лауазымында лауазымдық міндеттерін тиімді орында-уы үшін қажетті құзыреттіліктердің болуы басты назарға алынады.
Хош, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне» келейік. Жоғарыда айтып өт-кенімдей, елімізде сыбайлас жемқорлық-қа қарсы күрес мәселелерін реттейтін ҚР Қылмыстық кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, Еңбек кодексі, басқа да заң, бағдарламалар не-гізгі нормативтік құқықтық актілер бо-лып табылады. Осы заңдылықтардың бәр-бәрі біздің жұмысымызда темірқа-зық болып қала бермек. Ендеше, қоғам дертіне айналған жемқорлыққа қарсы күресті әуелі өзімізден, өзіміз тәрбиелеп отырған болашақ ұрпақтан бастап, таза, текті, адал һәм әділ мемлекетті бірге қа-лыптастырайық, ағайын.