АЭС – ең арзан және қоршаған ортаға зияны төмен технология

4

Қалалық кітапханада бойынша сөз сөйлеген инженер Самат Байболов АЭС-ті қалай зерттеу керегін айтты,
«Экономикамыздың тұрақты дамуы үшін генерация саны өсуі керек. Бізде қазір ол тапшы болып отыр. Жоспар бойынша Қазақстанның 2030 жылға дейінгі генерациясын екі есе ұлғайту мәселесі тұр. Сол бойынша бірқатар жұмыс істеліп жатыр. Оған газ қондырғыларын салу, ЖЭО-ларды жаңарту кіреді. Оның ішінде АЭС салу да кіреді»,- дейді ол.
Маман АЭС-тің артықшылығын атап өтті.
«Экономикада АЭС ең арзан және қоршаған ортаға зияны аз технология. Оны салу бойынша зерттеу жұмыстары мен ғылыми жұмыс жүргізу керек. Энергиялық жүйеге әсері қандай екенін барынша зерттелуі керек»,- дейді Байболов.
Сарапшының айтуынша, шунттаушы реактор мен атом реакторларының арасында айырмашылық бар.
«АЭС генерация бойынша болса, қазір біз өндіріп жатқан дүние ол – шунттық реакторлар электр тасымалдау жүйесінде қолданылатын қондырғы»,- дейді Байболов.
Ғабит Мырзаханов – қоғам белсендісі

Advertisements