ШЫМКЕНТ: 4000 жуық тұрғын кәріз жүйесіне қосылды

247

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Наурыз шағын ауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту құрылысы қарқынды жүруде.

Құрылыс жұмысы осы жылдың маусым айында мердігер мекеме «Газовое хозяйство Шымкентгаз» ЖШС тарапынан басталған. Жоба бойынша, ұзындығы 15 шақырым ішкі орамдық жүйелер тартылатын болады. Қазіргі уақытта 4 шақырым кәріз жүйесі орнатылды.
Құрылыс жұмысы толығымен биылғы жылдың қараша айында аяқталады. Нәтижесінде, Наурыз шағын ауданындағы 3850 тұрғын қолданыстағы диаметрі 1200 мм. коллекторға қосылатын болады.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту мақсатында барлығы 13 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Cамал-1 шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Үшсай» мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмысы қарқынды жүруде. Ұзындығы 33,9 шақырымды құрайтын кәріз жүйесі құрылысының бүгінде  70% аяқталған. Қараша айында құрылыс жұмысы толығымен аяқталып, нысан пайдалануға беріледі.

Ал, Солтүстік-Шығыс шағынауданында ұзындығы 16,1 шақырымды құрайтын нысан құрылысының 30% аяқталған. Құрылыс жұмысы жыл соңына дейін аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

Advertisements