Түркістан: Арыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

339

Баға 20-30 пайызға дейін төмендетіледі.

23 қазан күні Арыс қаласындағы әл-Фараби алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Шараны ұйымдастыруға жауапты ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының айтуынша, жәрмеңкеде 50-ге жуық азық-түлік өнім түрлері ұсынылып, баға 20-30 пайызға дейін төмендетіледі. Сауда сөресіне бау-бақша мен көкөніс, ет өнімдері (түйе, сиыр, қой), сүт өнімдері, ешкі өнімдері («Бөрте Милка» ЖШС ет, сүт, қаймақ), «Ордабасы құс» ЖШС құс өнімдерінің 30-40 түрі, бидай, жүгері, жоңышқа, табиғи шөп, т. б. өнімдер шығарылады.

Advertisements