«Бесқұдықтау» бағындырған белес көп

298

Бүгінгі таңда заманауи технологиялар дамып, қоршаған орта ерекше қарқынмен дамып келеді.

«BESKUDUKTAS naturalstonecompany» ЖШС өндіретін және өңдейтін табиғи тастан жасалған құрылыс материалдарын пайдалану барлық оң талаптарды ескеруге және құрылыс материалдарына қойылатын стандарттарға сәйкес болуға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорынның бағындырған белестері көп. Оның өндірген өнімдері бүгінде еліміздегі құрылыс нысандарына көптеп пайдаланылуда. Соған қарап-ақ бұл компанияның елдің өсіп-өркендеуіне, сәулеттене түсуіне қаншалықты үлес қосып жатқанын бағамдай беруге болады.

«BESKUDUKTAS naturalstonecompany» ЖШС – төлтума табиғи тастан жасалған бұйымдарды шығаратын заманауи тас өңдеу кәсіпорны. Кәсіпорынның заманауи технологиялық жабдығы, қосалқы инфрақұрылымы бар базасы, сондай-ақ өзінің шикізат базасы, табиғи тасты өндіру бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттары бар.

Бүгінгі таңда «BESKUDUKTAS naturalstonecompany» — Қазақстандағы табиғи тастан жасалған қаптау және құрылыс материалдарын шығаратын ең ірі зауыттардың бірі. «BESKUDUKTAS» ірі кен орны Қазақстан Республикасы, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында орналасқан, бұл – компанияның маңызды активі. Бұл кен орнында «Маржан» табиғи тасын өндіру жұмыстары жүргізілуде.

«BESKUDUKTAS naturalstonecompany» компаниясының басты бағдары өндірілетін шикізатты толық терең өңдеуге қол жеткізу болып табылады, бұл ретте әрбір кезеңде – өндіруден бастап өнім шығаруға дейін шығарылатын өнімді өндіру процесінің сапасына бақылау жүргізіледі.

Компанияның өндірістік қуаты айына 70000 шаршы метрге дейін қаптау плиталарын шығаруға мүмкіндік береді.

Табиғи қаптау тасы ғимараттың қасбетіне қайталанбас түстер үйлесімін, биік талғам мен беріктік береді. Бұл материалдың танымалдығының себебі сәндік әсерінде ғана емес, сонымен қатар оның табиғи қасиеттерінде де жатыр. «Маржан» табиғи тастарын таңдаудағы маңызды көрсеткіштердің бірі оның төмен жылу өткізгіштігі болып табылады (0,31 Вт/м.К-ден аспайды), бұл ауа температурасы жазда + 450С- тан қыста -400С-қа дейін өзгеретін континенттік және күрт континенттік климатта өте маңызды.

«БесқұдықТас» карьерінің орналасқан жері – радиоактивтілігі мүлде жоқ аймақ. Сондықтан, карьерде өндірілген тас экологиялық таза табиғи материал болып табылады, бұл оны тұрғын үй-жайлардың сыртқы және ішкі безендірілуіне пайдалануға мүмкіндік береді. Оған қоса бұл тас оңай өңделеді және әртүрлі ауа райы жағдайлары мен ультракүлгін сәулелердің әсерінен жақсы сақталады, температура ауысқан кезде пішіні өзгермейді.

Тасты кесу кезінде пайда болған ұсақ түйіршіктер қатты сығымдалған құрылыс кірпішін жасауға және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруге

қолданылады. Осылайша біздің өндірісіміз қалдықсыз және экологиялық таза болып табылады. Қатты сығымдалған кірпіш шығару желісінің өндірістік қуаты жылына 18 000 000 дананы құрайды.

Әрине, бұл көрсеткіш ауызбен айтуға ғана оңай. Жылдық қуаттылығы 18 000 000 дананы құрайтын өндіріс орны бүгінгі күнге дейін қаншама жерді безендіріп, қаншама жердің көркін ашуға үлес қосқаны айтпаса да түсінікті. Еліміздің көркейіп-көріктенуіне көптен бері үлес қосып, тер төгіп жүрген кәсіпорын басшылары мен қызметкерлерінің еңбегіне елдің де алғысы шексіз.

“BESKUDUKTAS” кәсіпорнының мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қапал батыр 95, “Оңтүстік индустриалды аймағы”, Иляева 47. Байланыс телефондары: +7-707-33-020-33, +7-707-280-39-91.

Ерлан ТӘЖИЕВ,

«Қазақстан жолы» газеті бас редакторының орынбасары.

Advertisements