Түркістан: Төлеби ауданында әскери оқу-жаттығу жиыны басталды

406

Түркістан облысы, Төлеби ауданында әскери оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әскери жиын 10 күнге созылады. Бұл жиынның ерекшелігі – бұрын жауынгер ретінде борышын өтеп қойған, қазір түрлі қызметте жүрген әскери міндеттілер шақырылды. 18-28 қазан аралығына жоспарланған жиынды Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бірге өткізіп отыр. Түркістан облысы әкімі аппаратының әскери қауіпсіздік, қорғаныс және жұмылдыру дайындығы жөніндегі тобы мен Төлеби ауданы әкімдігі маңызды жиынға жоғары деңгейде дайындалған. Әскери техникалар мен оқ-дәрілер жеткілікті, жаттығуға қажетті барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Оқу-жаттығуға Төлеби ауданындағы 78 әскери міндетті азамат шақырылып, арнайы құрылған әскери лагерге орналастырылды. Бұл жігіттердің арасында түрлі сала өкілдері бар. Олар іріктеуден және медициналық тексеруден, сонымен бірге коронавирусқа ПТР тапсырып, вакцинациялаудан өткізілген. Оларға тәжірибелі әскери мамандар білгендерін үйретіп, тактикалық-саптық жаттығулармен қатар қаруды меңгеру бойынша да сынақтан өткізіп жатыр. Сарбаздар мен сардарлар арнайы киімдермен, тамақпен және жалақымен қамтылған. Әскери жиын 10 күнге созылады.

Advertisements