«Қар барысын сақтайық!» экологиялық акциясы өтті

864

Бүгін елімізде сирек кездесетін қар барысына арналған акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды  baq.kz 

Акция жыл сайын 23 қазан күні әлем бойынша аталып келеді. Басты мақсат – жойылып бара жатқан қар барысына көпшіліктің назарын аударту.

Сонымен қатар «Барыс Арена» мұз сарайында  «Қар барысын сақтайық!» экологиялық акциясы аясында жанкүйерлер үшін Қазақстанның жабайы табиғатындағы барыстың бірегей кадрларының фотокөрмесі, сыйлықтар ойнатылатын байқаулар, балаларға арналған аквагрим, слоу моушн және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жиын барысында БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш еліміздің табиғатын қорғау заңнамасын жетілдіру мақсатында қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Оның мәлімдеуінше, БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстан Үкіметімен бірлесіп, Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қолдауымен елдегі қар барысының популяциясын қорғау және сақтап қалу жөніндегі біріккен жобаны іске асырып келеді. Якуп Бериш сөзінше, бастама шеңберінде Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарының 13 ерекше қорғалатын табиғи аумағында 294 фототұзақ орнатылған.

Advertisements