Қазақстанның бірнеше өңірінде заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды

382

Түркістан облысының түрлі құрылыс нысандарында құжатсыз жұмыс істеп жүрген 633 шетел азаматы анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ainews.kz

«Түркістан облысының түрлі құрылыс нысандарында құжатсыз жұмыс істеп жүрген 633 шетел азаматы анықталды. Дәл осындай фактілер Шымкент қаласында, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында белгілі болды. Заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер мен олардың жұмыс берушілерге жауапкершілікке тартылады», деді Ішкі істер министірлігінде өткен брефинг барысында.

Advertisements