Түркістан: Қарсыласын нокаутпен жеңген арыстық ару әлем чемпионы атанды

457

Арыстық ару қарсыласын нокаутпен жеңіп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Анапа қаласында спорттың әмбебап жекпе-жек түрінен Әлем чемпионаты өтті. 18-24 қазан күндері аралығында Ресей федерациясының Краснодар өлкесі, Анапа қаласында спорттың әмбебап жекпе-жек түрінен Әлем чемпионаты өтті. Дүниенің түкпір-түкпірінен кілең мықтылар қатысқан байрақты бәсекеде Арыс қаласының тумасы Ергентай Аяжан Ерзатқызы өзіне қарсылас шақ келтірмеді. Ел намысын қорғаған арыстық ару жанкүйерлері мен жаттықтырушысы Асхат Борықбаевтың үмітін ақтап, Әлем чемпионы атанды. 52 кг салмақта өнер көрсеткен ол финалда қарсыласын нокаутпен жеңді. Айта кетейік, бүгінде қаламызда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың саны 23 мың 955 адамға жеткен. Бүгінде Арыс қаласында 4 спорт мектептері жұмыс істейді. Онда оқушылар спорттың 13 түрімен оқу жаттығуларымен айналысуда.

Advertisements