АРЫС ФУТБОЛ ҚҰРАМАСЫ ҚАРСЫЛАСЫН ОЙСЫРАТА ҰТТЫ

509
Футболдан Қазақстан Республикасының екінші лига командалары арасында Қазақстан біріншілігінің 17-ші туры аясында “Арыс” футбол клубы “Атырау” (жастар) клубымен кездесіп, 4-0 есебімен басым түсті.
Қалалық Орталық стадионда өткен ойында жерлестеріміз жауапсыз 4 гол соғып, кезекті жеңіске қол жеткізді.
Алғашқы таймда-ақ ойын тізгінін қолға алған арыстықтар, өрнекті ойын көрсетті. Құрама ойыншысы Жансерік Қалдыбай ойынның алғашқы 16-шы минутында есепті ашса, артынша Радион Минарипов есепті еселей түсті. Ал екінші таймда үдете шабуылдан кейін, құрама ойыншысы Мұхамед Оджиев 8 минутта екі гол салып, Арыстың мерейін үстем етті.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!
Advertisements