ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНЫҢ КӨПШІЛІК ТЫҢДАУЫ ӨТТІ

274
Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Арыс қалалық мәслихатының депутаты Ерғазы Медетбековтың төрағалық етуімен ономастика мәселесі бойынша тұрақты комиссия отырысының көпшілік тыңдауы өтті.
Жиынға Арыс қалалық мәслихатының хатшысы Амантай Байтанаев, мәслихат депутаттары, Арыс қаласының мəдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы міндетін уақытша атқарушы Қанат Нарбеков, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер ұйымының өкілдері, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары қатысты.
Күн тәртібінде Арыс қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Арыс қаласының Ономастикалық жұмысшы топтың хатшысы Ақжарқын Әмірқұлова баяндама жасады.
Жиында еліміздегі ономастикалық атауларды ретке келтіру және тарихи атауларды жаңғырту мақсатында, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру, сондай-ақ объектілерге, Арыс қаласындағы атауы жоқ көшелерге атау беру ұсынылды.
Яғни Барыс, Тараз шағын аудандарындағы атауы жоқ жаңа 11 көшеге атау беру, сондай-ақ Онтам, Сырдария елді мекендері қалаға қосылуына байланысты аталған елді мекендегі ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды жаңартуға ұсыныс берілді. Яғни, Роза Бағланова, Хиуаз Доспанова, Әзілхан Нұршайықов, Шерхан Мұртаза атын, Жұмат Шанин, Жұмабек Тәшеновтің есімімен қайта атау ұсынылды.
Айта кетейік, барлық атаулар Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясымен мақұлданған, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар» тізімімен ғана рұқсат етілген атаулардан алынған.
Жиын соңында, жоғарыда аталған ұсынысты көпшілік тыңдауына қатысушылардың барлығы қолдап, оң пікірлерін білдірді.
Көпшілік тыңдауды қалалық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Ерғазы Медетбеков қорытындылап, жиынға қатысушыларға алғысын білдірді.
Advertisements