Биыл некелескендер саны 44 пайызға артты

458

Некелердің үштен бір бөлігі Алматы қаласы мен Түркістан, Алматы облыстарына тиесілі. 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында республикада 65 мың неке тіркелді, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44,2% көп. Ал өткен жылы неке саны 24,4% аз болған еді, деп хабарлайды деп хабарлайды  informburo.kz

Осы жылдың қаңтар-маусым айларында 9,4 мың жұп ажырасты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,9% аз. Алайда 2021 жылдың мәліметтерінде сот шешімі ескерілмеді. Ал бір жыл бұрын ажырасу 2,3 есе азайған еді.  2021 жылдың қаңтар-маусым айларында қалалық жерлерде 44,8 мың немесе 69% жұп ажырасты. Ал ауылдық жерлерде – 20,1 мың. Сондай-ақ, қалалық жерлерде тіркелген неке саны – 48,2%, ал ауылдық жерлерде 36,1% өсті.  Мұнымен қатар, қалалық жерлерде ажырасқандар саны да көп – 7,3 мың немесе жұптардың 77,4%-ы. 2020 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 21,6% аз. Ауылдық жерлерде ажырасу керісінше азайды – 2,1 мың немесе 37,5%.

Некелердің үштен бір бөлігі келесі өңірлерге тиесілі:

  • Алматы – 8,3 мың;
  • Түркістан облысы – 7,2 мың;
  • Алматы облысы – 6,7 мың.

Сондай-ақ, ажырасудың үштен бір бөлігі келесі өңірлерге тиесілі:

  • Алматы – 1,3 мың;
  • Алматы облысы – 954;
  • Қарағанды облысы – 931.
Advertisements