Батырдың сүйектері елге жеткізілді

407

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза болған қазақстандық сарбаздың сүйегі Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді, деп хабарлайды sarbaz.kz

Іздестіру ұйымының белсінді жұмысының арқасында Ұлы Отан соғысы жылдарында ұрыс даласында қаза болған тағы бір қазақстандық сарбаз гвардия лейтенанты Өксікбай Базарбаевтың есімі белгілі болды. Офицер 39-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы, 12-гвардиялық атқыштар полкі атқыштар взводының командирі болған. Жас кезінде соғысқа аттанған ол, Украинаны азат ету жолында қаза тапқан. Сұрапыл соғыс жылдарында қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің аттарын мәңгі есте сақтау мақсатында Қорғаныс министрлігі,  іздеу ұйымдарымен өзара қызмет етуде. Осы мақсатта Қарулы Күштердің әскери-тарихи мұражайында іздестіру-экспедициялық бөлімшесі жұмыс істейді.

Жауынгердің сүйегі әскери рәсімдерді сақтай отырып Түркістан облысы Түлкібас ауданы Алғабас ауылында қайта жерленеді.
Сарбаздың сүйегі Қарулы Күштер Әскери-әуе күштерінің және Ұлттық ұланның әскери-көліктік бортымен жеткізілді.

Advertisements