Түркістан облысының полицейлері көршісінің құрылыс сатысын ұрлаған ер адамды ұстады

423

Түркістан облысының полицейлері көршісінің құрылыс сатысын ұрлаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азамат үйінің ауласында тұрған екі құрылыс сатысын белгісіз біреудің ұрлап кетіп, жалпы 70 мың теңге шығын келтіргенін көрсеткен. Аталған дерек ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Полиция қызметкерлері хабар алысымен істің мән жайын анықтау мақсатында оқиға орнына жедел жетті. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде күдіктінің тұрғылықты мекенжайы анықталып, үйінен ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай күдікті азамат таңғы сағат 08:30 шамасында көршісінің үйіне кіріп, құрылыс сатыларын жымқырып кеткен. Содан соң оны танысының біріне сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Түркістан облысы полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, сауда орындарына, ғимараттарға бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар дүкенді ашық күйде қалдырмай, есік-терезелердің жабылғанына толық көз жеткізіп алуды ескертеді. Ұрлық орын алған сәтте, тез арада полицияның “102” телефоны арқылы хабарласыңыздар!

Advertisements