Қайғылы оқиға: Атырауда ойнап жүрген 10 жасар баланы ток соқты

418

Атырауда 10 жастағы баланы тоңазытқыштың тоғы соғып, көз жұмды, деп жазады  ernur.kz  

Үй ішінде ойнап жүрген 10 жастағы бала тоңазытқыштың артына тығылып қалған. Атырау қаласындағы ықшам аудандардың бірінде үй ішінде ойнап жүрген 10 жастағы бала тоңазытқыштың артына тығылып қалған. Тоқ соққан бала тілге келместен, оқиға орнында ажал құшқан. “Әжесі хабарласып, немересінің көз жұмғанын хабарлады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері баланың қаза болғанын растады. Мүрдеде жарақат жоқ”, – деп хабарлады Атырау облыстық Полиция Департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет. Баланың денесі сараптамаға жіберілді. Тексеру амалдары басталды. Айта кету керек, 20 қазан күні Атырауда кішкентай қыз алтыншы қабаттан құлап, қаза тапқан болатын.

Advertisements