2021 жылғы ІІІ тоқсанда орташа жалақының мөлшері белгілі болды.

477

2021 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 243 667 теңгені құрады, деп хабарлайды kursiv.kz

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 243 667 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 119,3%, ал нақты жалақы индексі 109,8% құрады. Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 501,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 452,8 мың теңге(1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 369,5 мың теңге (1,5 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 331,1 мың теңге (1,4 есеге сәйкес). Ең төменгі атаулы жалақы сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметкерлерінде -154,9 мың теңге және ауыл, орман және балық шаруашылығы бойынша – 167,5 мың теңге белгіленді. Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленді – 419,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Түркістан облысында мұның шамасы 181,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 25,7%-ға төмен.

Advertisements