Түркістанда «Күміс көмей» дәстүрлі әншілер байқауы өтті

453

Түркістан қаласында «Сәлем саған, Түркістан!» атты өнер фестивалі аясында «Күміс көмей» дәстүрлі әншілер байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Байқаудың бас жүлдесін Отырарлық Шоқан Теңлібаев иеленді. Облыстық Мәдениет басқармасы мен Мақтаарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен байқауда аймақтағы аудандар мен қалалардан іріктеуден өткен он жеті үміткер бақтарын сынады. «Киелі Түркістан өңірі өнерден кенде емес. Бүгінгі «Күміс көмей» облыстық дәстүрлі әншілер байқауына бақ сынауға келген өнерпаздарымыз бізге осыны аңғартып отыр. Баршаңызға өнердегі жолдарыңыз ашық болсын деген тілегімді жеткізгім келеді»,- деді байқаудың ашылуында сөз алған облыстық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан. Сондай-ақ, өз кезегінде Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова байқауға қатысушы барлық үміткерлерге сәттілік тіледі. Байқау барысында халық әндері мен халық композиторларының шығармаларынан ән шырқаған үміткелер байқауда барын салды. Қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесін Отырар ауданынан келген күміс көмей Шоқан Теңлібаев иеленсе, бірінші орынға мақтааралдық Маржан Сұлтанбек лайық деп танылды. Екінші жүлделерді Төле би ауданынан келген Жансейіт Сүйіндікұлы мен Созақ ауданының әншісі Елдос Жүсіпов өзара бөлісті. Ал жүлделі үшінші орындарды сарыағаштық Мағжан Сатыбалды, түркістандық Қуаныш Мұқатай, ордабасылық Әсем Ордабек еншіледі.

Advertisements