Түркістан: Төлебиде жол сапасын тексеру жұмыстары жүріп жатыр

452

Төлеби ауданында қала-ауыл көшелеріндегі жұмыстар мен материалдар сапасына сараптама жасалуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Анықталған ақаулар қалпына келтірілуде. Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы бойынша филиалымен жол сапасын анықтауға келісім-шартқа отырды. Келісім шарт негізінде жол сапасын бақылауға тапсырыс берілді. Қазіргі таңда кәсіпорын жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, қала-ауыл көшелеріндегі жұмыстар мен материалдар сапасына сараптама жасауда. Жол сапасын сараптау мақсатында жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстарына «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облыстық филиалының инженері Ү.Ботағараева, арнайы мониторингтік топ мүшелері мердігер мекеме «Бірлік» ЖШС директоры Б.Умутбаев және «Базис К» ЖШС директоры Б.Полатов, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Жұмабаев, Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жарық-жол» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Туртаев және жол саласы бойынша маман Д.Жунисбеков қатысты. Мониторингтік бақылау жұмыстары барысында жол құрылысының талаптары тексеріліп, жылжымалы жол зертханалық көлігі және арнайы құралдар арқылы Төлеби ауданының ауылдық округтеріне қарасты 34 нысанның төселген жолдардың құрамы мен стандарты сараланып, салынған асфальт жамылғысынан кесінділер алынып, зертханалық тексеруге жіберілді. Қорытынды нәтижесінде, төселген жолдардан бірқатар ақаулар байқаған сала мамандары, анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелерге акт түзіп, ресми хаттар жолданды, анықталған ақаулар қалпына келтірілуде. Айта кетсек, алдағы уақытта да Төлеби ауданына қарасты барлық қала-ауылдардың жолдары жиі бақылауға алынып, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына жылжымалы жол зертханалық көліктері және арнайы құралдар арқылы мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Advertisements