Түркістан: Асылтұқымды құстар жәрмеңкесі өтті

428

Келес ауданында асылтұқымды құстардың жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бағасы 200 мың теңгеден асатын құстар да бар. Келес ауданының орталығы Абай ауылында өткен жәрмеңкеге Түркістан облысының аудандарынан, сонымен қатар, Шымкент, Тараз қалаларын да қонақтар келіп қатысты. Жәрменкені «Челкар» кептерлерге қызығушылар клубы ұйымдастырды. Бұл жәрмеңке Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізіліп отыр. “Мұндай кездесулер кептерге қызығушыларды бір-бірімен таныстырады. Достықты арттыра түседі” – дейді жәрмеңкеге қатысушылар. Бұл жәрмеңкеге қойылған асылтұқымды кептерлердің бағасы 10-15 мың теңгеден 100-200 мың теңгеге дейін жетеді.

Advertisements