Түркістан секторларындағы жұмыстар мен жобалар жүйеленеді

377

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Түркістан қаласының 5 секторы жұмысын бақылады.

Алғаш болып “Шауғар” секторына барған шаһар басшысы секторда атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Сектор қызметкерлерімен тілдесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Келесі Сауран секторы жұмысы жүйелілігін бақылады.
Сектор басшысы өз кезегінде тұрғын алабтағы басты мәселе жол екендігін, оның ішінде 34 көшеге тас төселмегенін жеткізді.
Нұрбол Әбдісаттарұлы аталған сектордағы жол сапасын жақсартып, асфальт, тас төсеу жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды. Жоспар бойынша көктемге дейін аталған сектордың тас төселмеген жолдарына толық құрылыс жүргізіледі.

Одан бөлек, Бекзат секторын аралап, сектор қызметкерлерінің тұрғындармен тығыз байланыста болу керектігін айтты.
Тұрғын алабтағы өзекті мәселелерді талқылап, шешімдер қабылдады.
Сонымен бірге, тұрғындардың толғандырған сұрақтарына тұшымды жауап берді.

Секторлардың жұмысын қадағалау барысында коммуналдық, инфрақұрылым жүйелері, жол және тұрғындардың жұмыспен қамтылуы бойынша орынбасарлары мен бөлім басшыларына бірқатар тапсырма берді.
Тапсырмалардың орындалуын әр ай сайын секторда жиналыс өткізіп, бақылайтынын айтты.

Advertisements