Түлкібас ауданында 250 орынға шақталған жаңа емдеу-сауықтыру кешенінің ашылуы жоспарлануда

607
Биыл Түлкібас ауданында емдеу-сауықтыру кешендерінің қатары тағыда бір нысанмен толықпақ.
Аудан ортылығынан орын теуіп жатқан «Түлкібас саясы» емдеу-сауықтыру орталығы омыртқа және буын ауруларын емдеуге бағытталмақ. Нысанның құрылысы бүгінгі таңда 75 пайызға аяқталған. Ағымдағы жылдың сәуір айында ашылуы жоспарланып отыр.
«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылған жобаның жалпы құны 420 млн.теңгеден асады. Кешен іске қосылған жағдайда ауыл тұрғындары үшін 50 жаңа жұмыс орны ашылады теп күтілуде.
Өткен жылы Түлкібас ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» мемелекеттік бағдарламасына шеңберінде 9 жоба 830 млн. 5 жүз мың теңгеге қаржыландырылған. Оның ішінде, 4 жоба мал шарушалығы, 3 жоба көктемгі дала жұмыстарына және 2 жоба денсаулық сақтау және емдік туризм саласына бағытталған.
Сонымен қатар, 2 млрд. 660 млн.теңгелік 14 жобаның құжаттары рәсімделу үстінде. Жоспарланған жобалар толыққанды жүзеге асқан жағдайда ауданда қосымша жұмыс көздерімен толығады.
Аталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша ауданымыз өңірде көш бастап тұр.
Advertisements