Түркістан облысында қар құрсауынан 26 адам құтқарылды

449
Ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні «112» қызметіне Созақ ауданында қар құрсауында қалып қойған азаматтар туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға Шолаққорған ауылынан 70 шақырым жердегі «Ұланбел-Созақ-Екпінді» автожолында орын алған. Шұғыл әрекеттің арқасында төтеншеліктер 26 жолаушы мен 1 баланы құтқарды.
Олар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар Департаментінен 10 қызметкер, 1 бірлік техникасы, облыстық полиция департаментінен 8 қызметкер, 2 бірлік техникасы жұмылдырылған.
Естеріңізге сала кетейік, Созақ ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ұланбел-Созақ-Екпінді» облыстық маңызы бар автожолының 577-642 шақырым жері жабылған болатын. Түркістан облысының ТЖД азаматтарды дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп және сақтық шараларын сақтауға шақырады
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Advertisements