Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру

565
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мәжіліс залында «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының 84-85 тармағы аясында «Қолжетімділік картасындағы» ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымның бейімделген нысандарды талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Жиынға департамент басшысының медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары Е.А.Пернеқұлов, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары П.М.Тұрсынбаев «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал таптарын қолжау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Г.Қ.Тәжібаева, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлер және мүгедектігі бар азаматтармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы З.С.Кенжебаева және жауапты департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Бүгінгі таңда «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында (inva.gov.kz) өңірлер тұрғысында Нысандардың қолжетімділігі картасы жұмыс істеп, онда ел бойынша 35 мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының бейімделуі туралы мәліметтер қамтылған.
2025 жылға дейінгі кезеңде 22 мың нысан ең басым болып белгіленді, бұл бірінші кезекте мемлекеттік мекемелер, ХҚКО, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандары сияқты мүгедектігі бар адамдар жиі баратын нысандар.
Интерактивті Қолжетімділік картасында жергілікті атқарушы органдар онлайн режимде мүгедектігі бар адамдар және мүмкіндігі шектеулі басқа да азаматтар үшін нысандардың жағдайын өзектендіруді жүзеге асыруда. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша жалпы бейімдеуден өткен 3432 нысан енгізілген. Оның ішінде 2021 жылы Түркістан облысында 259 нысан бейімдеуден өтіп, порталға енгізілді.
Көрсетілген нысандар қолжетімділіктің 3 санатына бөлінген; қолжетімді, ішінара қолжетімді, қолжетімді емес. Қолжетімділік мүгедектігі бар адамдардың 4 санатына қатысты қарастырылуда: адам ағзасы функцияларының бұзылу сипаты, есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар және тек кресло-арбалармен жүріп-тұру мүмкіндігі жөнінде.
Advertisements