Сатуға тыйым салынған пиротехникалық заттары бар жолаушыны жауапқа тартты

403
Келес АПБ полицейлері «Шымкент-Жетісай» тас жолында сатуға заңмен тыйым салынған түрлі отшашуларды алып өтпек болған әйелді анықтады. Нақтырақ айтсақ, келестік тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, жолаушылар көлігін тоқтатып, тексереді. Тексеру кезінде жолаушылардың біріне тиесілі үлкен 4 қорапқа толтырып салынған пиротехникалық жарылғыш заттар анықталып, тәркіленіп алынды.
Белгілі болғандай, айғақты зат ретінде алынған отшашулар жолаушы әйелдікі болып шықты. Ол өз жауабында аталмыш заттарды сату мақсатында Алматы қаласынан алып келе жатқанын жеткізді. Пиротехникалық заттың саны -192. Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы «Еркін сауда жасауға ҚР заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау» бабымен тіркелді. Құқықбұзушыға қатысты 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық бұйымдарды сату, әкету тәртібін сақтауын тексеру, сондай-ақ сәйкестілік сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдерді сатушыларды анықтау мен оларды жауапкершілікке тарту мәселесі келестік қырағы полицейлердің назарынан түскен емес. Қазіргі таңда Келес АПБ-нің басшылығы тарапынан бұл тараптағы жұмыстар қатаң бақылауға алынып, ҚР-ның заңнамасымен тыйым салынған заттар сатылымға шықпауы қадағаланып, тиісті жұмыстар жалғасуда. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындар назарына, пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау міндет екенін ескертеді. Себебі от шашу кезінде адамдардың денсаулығына қауіп төнуі әбден мүмкін.
Advertisements