Жетісайлық шаруа көшет өшіріп, миллион тауып отыр

609

Өздеріңізге белгілі бұған дейін басымдықты мақта егуге жұмсап келген жетісай халқы. Соңғы жылдары әр тараптандыру бойынша егін егуді қолға алып келеді. Жетісайлық жергілікті жер емген шаруалар жеміс-жидек, бақша дақылдарына да басымдық беруде. Бұрын соңды таңсық болған интенсивті бау өсіруді де бір кісідей меңгеріп келеді. Бүгін біздер тілге тиек етіп отырған шаруамыз Жетісай ауданы Жаңа ауыл елді мекенінің тұрғыны Мұратов Тұрдымұрат бақша көшеттерін өндірумен айналысады.


” Көріп отырғандарыңыздай осы жылыжайда 170 мыңнан астам көшет өндіремін. Басында жылыжай технологиясын үйрену қиын болды. Көршілес Сарыағаш ауданына барып сонда жатып үйреніп келдім. Білгенімді балдарыма үйретіп жатырмын. Мұнда әр көшеттің бағасы әр қалай. Мысалыға қиярды 80 теңгеден, болгар бұрышын 70 теңгеден дайындап беремін. Жылыжайда температураны қалыпты ұстау үшін 25 тоннадай көмір жағамыз. Осы кәсіптің арқасында балдарымды оқытып үйлендірдім,тұрмысымды да түзедім” дейді Тұрдымұрат Мұратов
Мұратовтар бұдан бөлек тамшылатып суғару әдісімен 12 соттық жылыжайға қызанақ, қияр, егіп одан алынған өнімді көтерме бағада саудаласа. Пай үлесіндегі жеріне өзгеде дақылдар егіп тіршілігін жасап отыр. Ауыл әкімі Нұрлыбек Пердебекұлының айтуынша округте жылыжай көлемі 2 гектарға жеткен. Жыл сайын халықтың ерте пісетін дақылдарды егу көрсеткіші артып келеді. Қосымша айта кететін болсақ, Жетісай ауданы бойынша 21 гектар аумаққа жылыжай салынған.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Advertisements