ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ӘСКЕРИ ЭСТАФЕТА БАСТАЛДЫ

268
Түркістан облысы, Кентау қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған сайыс басталды. Кентау қаласы әкімінің кубогына арналған әскери – қолданбалы эстафетасының ашылу салтанатына қала әкімі Рашид Аюпов қатысып, патриот жастарды тәрбиелеу мақсатындағы әскери-патриоттық ойындар жыл соңына дейін жалғасатынын айтты.
Қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Н.Дүйсебаев жастарға сәттілік тіледі. Салтанатты іс-шарада патриоттық әндер орындалып, командалар арасында әскери ойындар ойнатылды. Эстафетаға Кентау, Түркістан қаласы мен Сауран ауданынан 24 команда қатысты. Болашақ сарбаздарды әскери өмірге дайындау мақсатында техникалық, атыс, саптық дайындықтармен қатар әскери қызмет негіздері бойынша сайыстар өткізілді. Шапшаңдық пен мергендік те сынға түсті.
Атап айтқанда, әскери спорттық эстафетада ұлдар арасында 1-орынды Қарнақ жалпы орта мектебі, 2-орынды Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясы иеленсе, №19 мектеп-гимназиясы үштіктер қатарынан көрінді.
Қыздар арасында бас жүлдені Кентау гуманитарлық-техникалық колледжі, 1-орынды №16 және №22 мектептерден құралған команда, 2-орынды №12 мектептің командасы, 3-орынды Шаштөбе жалпы орта мектебінің оқушылары иеленді. Жеңімпаздарға қала әкімінің кубогы табысталып, дипломдармен марапатталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements