КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІЛЕР ТАБЫСТАЛДЫ

275
Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов жергілікті көпбалалы аналарды қабылдап, ҚР Президентінің жарлығына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады. Аталған марапатты 18 көпбалалы ана иеленді. Оның 2-і «Алтын алқа», 16-ы «Күміс алқа» иегері. Салтанатты марапаттау рәсімінде қала әкімі көпбалалы аналарды құттықтап, алғыс білдірді.
Қазір Кентау қаласында 1510 көпбалалы ана бар. Оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері – 462, «Күміс алқа» иегерлері – 948. Сонымен қатар, I-II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар – 65, «Батыр аналар» саны 35-ті құрайды. Жалпы жыл басынан бері 17 «Алтын алқа», 59 «Күміс алқа» төс белгісі табысталған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Advertisements