«ТҮРКІСТАН — ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖҮРЕГІ» АТТЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

219
Бүгін Түркістан қаласындағы «Керуен Сарай» көпсалалы кешенінде облыстың аудан, қалаларының облыс орталығындағы
«Түркістан – Түркі әлемінің жүрегі» атты мәдениет күндерінің ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова, Мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев және қала тұрғындары мен қонақтар қатысты.
Алғаш болып Түркістан қаласына тоғыз жолдың торабы саналған Арыс қаласының керуені келді. Бүгіннен бастап үш күн бойы тұрғындар мен қала қонақтары
Арыс қаласы өнерпаздарының, Арыс қаласынан шыққан өнер жұлдыздарының концерттерін, қолөнер шеберлерінің көрмесін, ұлттық спорттық ойындарды тамашалайтын болады. Сонымен қатар Арыс қаласы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Алдағы уақытта әр апта сайын аудан, қалалардың мәдениет күндері өтіп тұрады. Түркістан қаласына келген туристер мен қала тұрғындарына демалыс күндері рухани азық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған бұл шара шілде айының соңына дейін жалғасатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements