ТҮРКІСТАНДА “НАУРЫЗ-ДУМАН” МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

130
Түркістан облысының мәдениет басқармасына қарасты «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің ұйымдастыруымен «Наурыз-думан» мерекелік іс шарасы өтті.
Наурыз мерекесін ұлттық салт -дәстүр, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, жастардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, ардагерлер алқасының мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Мерекеде ұлттық зергерлік қол өнер бұйымдары мен ағаштан ұлттық аспаптар және тұрмыстық құралдар жасайтын шеберлердің көрмесі өткізілді. Ұлттық ойындарымыз бен салт-дәстүрлерге басымдық беріліп, құрт жаю, киіз басу, жүн сабау, саба пісу, ұршық иіру, сонымен қатар, асық ату, арқан тарту, қазақша күрестен жарыстар ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласып, ардагер ақсақалдардың батасымен тәмамдалды. Шара соңында «Конгресс Холл» кешенінің алдында тігілген киіз үйлерде наурыз көже мен ұлттық тағамдардан дәм ұсынылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements